Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Форумда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.
Бұдан бөлек Президент:
– Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
– Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
– Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
– Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
– Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
– ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары