Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПрезидент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысына қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін енгізу және бүкіл үдерісті автоматтандыру нәтижесінде жолаушы тасымалы саласында көлеңкелі ақша айналымы айтарлықтай азайып, көлік кәсіпорындарының табысы бірнеше есе артқаны жөнінде баяндалды.
2016-2022 жылдары аталған саланың жылдық қаржы айналымы 2,7 есе, яғни 10 миллиард теңгеден 26,8 миллиард теңгеге дейін өсті. Осы жылдары қоғамдық көліктердің саны мен сапасы артты. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің уақыт тәртібін сақтауы 95 пайызға дейін жеткен.
Президент дамыған қоғамдық көлік жүйесі сапалы қала тіршілігінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланы одан әрі реформалаудың маңыздылығына, жолаушылар тасымалының сапасы мен жайлылығын үнемі жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова