22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Қасым Әл Тәниді қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті Дохаға мемлекеттік сапарының аясында Қатардың ірі бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Қатар кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты үйлестіруші Фейсал бен Қасым Әл Тәнимен әңгімелесу барысында екі елдің экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Al Faisal компаниясымен арадағы өзара тиімді серіктестік Қатар бизнесінің Қазақстандағы үлесін арттыруға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, бірлескен жұмыстар жаңа инновациялық-инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында құрылыс, туризм және қонақ үй бизнесі салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ білім беру бағыты бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Al Faisal холдингіне Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы достық қарым-қатынастың символына айналатын айтулы ғимарат салу перспективасын қарастыру ұсынылды.
Оқи отырыңыз:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев