Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Артур Ластаев:
аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді;
былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін айтты;
Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндады:
атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген;
азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған;
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары