6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан мектептерінде оқушылардың жазбаша жұмыстары қайта жанданады.
Енді оқушылар мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Жаңа өзгерістер аясында бірқатар пән енгізіліп, кей бағыттар күшейтіледі.
Атап айтқанда, 5-7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәндері оқытылады. Ал 10-11 сыныптарда «Құқық негіздері» міндетті пән ретінде енгізілмек.
Сонымен қатар 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан оқытылатын болады.
Министрлік мәліметінше, жазбаша жұмыстарды қайта енгізу оқушылардың білім деңгейін жан-жақты бағалауға бағытталған:
Оқушылардың білім деңгейін кешенді бағалау және функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант қайта енгізіледі. Бұл өзгерістер тілдік дағдыларды дамытуға және ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған, – делінген ресми ақпаратта.
Жалпы, енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мектеп оқушыларының тек теориялық білімін ғана емес, практикалық және ойлау дағдыларын дамытуға бағытталып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі