Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде мектеп оқушылары үшін бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні өтті. ТЖМ ұйымдастырған іс-шараның мақсаты - өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету. Профилактикалық жұмыстармен 100 мыңнан астам оқушы және 3 мыңнан астам мектеп қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция шеңберінде оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін қамтитын дәрістер мен нұсқамалар ұйымдастырылды. Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар мен онлайн сабақтар өткізілді. Онда қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері, сондай-ақ өртке байланысты қауіптер туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік беретін тестілік онлайн-сауалнамалар көрсетілді.
Бұдан басқа өрт сөндіру құралдары мен көрнекі материалдардың көрмелері, мектеп ғимараттарынан эвакуациялау бойынша жаттығулар ұйымдастырылды. Акцияға министрлік қызметкерлерінен басқа өңірлік білім басқармалары мамандары да қатысты.
Ведомство өрт туындаған кездегі сақтық шаралары туралы халықтың қауіпсіздігі мен хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді