6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерВакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева қызылша өршіп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде республика бойынша 13 мыңнан астам қызылша жұқтыру дерегі тіркелді. 100 мың адамға шаққандағы жұқтыру көрсеткіші – 66,9%. Көрсеткіштерді салыстырып қарасақ, Шымкентте – 2283 жағдай, Алматыда – 2217 жағдай, Жамбыл облысында – 1605 жағдай. Ақтөбе облысында – 1 мыңнан астам жағдай. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1690 жағдай тіркелген. Яғни, бұл мекемелерде қызылшамен ауыру көрсеткіші – 13%, - деді ол.
Оның сөзінше, елдегі 1444 мектепте қызылша жұқтыру фактісі тіркелген. Салдарынан 4836 адам ауырған.
Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру, - деді Нұршай Әзімбаева.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі