6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді. «Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты.
Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды: 1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға; 2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға; 3 орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.
Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда.
Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі