Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБірінші – оқулықтардағы ескірген ақпарат. Мысалы, әлі күнге дейін адамдардың ата-бабалары қатарында дриопитек айтылады. Алайда қазіргі таңда олай емес екендігі дәлелденді. Ол ХХ ғасырда қалыптасқан пікір болатын. Бұл мысал мектептегі биологияның басқа да бөлімдеріне қатысты. Заманауи жаңалықтар соңғы кезде елеусіз қалып жатады. Сонымен қатар кітап бойына тараулардың орналасуы да түсініксіз. Ең алдымен ботаникаға кіріспе. Гүлдер мен шөптер туралы балаларға түсініктірек деген ойдан туған болар. Кейін жануарлар әлемі кетеді, соңында адам туралы бөлімге жетеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл әдіс қате. Ботаника біз ойлағаннан өте қиын және балалардың биологияға деген қызығушылығын мүлдем өлтіріп алады. Биология оқытудың ең тиімді әдісі – адам мысалында пәнді оқыту. Екінші басты мәселе – мұғалімдер деңгейі. Биология тез дамып жатқан ғылымдардың бірі, ал мұғалімдері болса сол бұрынғы мәліметтермен қалған. Көбіне саладағы соңғы жаңалықтар бойынша хабарсыз жүреді. Биологиялық заңдылықтарды дұрыс түсіне бермейді. Бұл педагогикалық оқу орындардың проблемасы. Аталған мәселені шешу үшін, оқыту курстарын заман ағымына сай өзгерту керек. Бірақ бұл өз жемісін 5-10 жылда береді. Үшінші мәселе – ғылымның, оның ішінде биологияның да мәртебесі төмен. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген талпынысы төмендейді. Бұл жағдайды жөндеу үшін осы саладағы мемлекеттік саясатты күшейту керек. Биологияға қатысты проблемалар аса көп емес. Бірақ оларды қазірден бастап шешу керек. Сонда мектептегі биология оқушыларға қызықты болар еді.
Мектеп биологиясы қазіргі заманның ғылымынан он шақты жылға қалып қойған. Эволюция теориясы – биологияның негізі. Бірақ қазіргі мектептегі оқытылып жатқан бұл тақырып ХІХ ғасырда қалып қойған. ХХ және ХХІ ғасырдағы соңғы жаңалықтар елеусіз қалып қойды. Осының арқасында логикалық даму үзіліспен беріледі. Оқушы биологиядағы теориялардың дамуын дұрыс түсіне алмай қалып, материалды қабылдау деңгейі төмендейді. Биология тез қарқынмен дамып жатыр, осындай жылдам өзгерістерге үлгеру үшін мектеп бағдарламалары заманға сай болуы шарт.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары