28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДенсаулық сақтау министрлігі оқу жылының басынан бастап еліміздің мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындығын талқылады, деп хабарлайды ведомтво баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, тамақтану стандартына сәйкес тамақтануды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың барлығының нақты функциялары анықталған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үлгілік мәзірдің 3 нұсқасын әзірлеп, оларды өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жіберген.
Жергілікті жерлерде ата-аналардан, балалардан және педагогикалық қоғамдастықтан негізделген тілектер болған жағдайда ұсынылған түрдегі немесе өзгерістер енгізе отырып перспективалық мәзір бекітілуі мүмкін,-деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
Жаңа стандарт семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қант пен тұзды тұтынуды азайтуды қоса алғанда, оқушылардың диетасын жақсартуға бағытталған.
Дұрыс тамақтану саласындағы сарапшылардың бағалауы бойынша стандарт талаптарын қатаң сақтау балалардың семіздігін 10-15%- эға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал етеді. Бұл ретте балалардың жаңартылған рационында көкөністерді, жемістерді, тұтас дәнді дақылдарды, ақуыздарды және сүт өнімдерін көбірек қосу көзделеді.
Қазіргі уақытта Қазақ тамақтану академиясының, Ұлттық салауатты тамақтану орталығының, ЮНИСЕФ-тің, ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының және Санэпидбақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының мамандарын тарта отырып, оқыту іс-шаралары белсенді жүргізілуде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?