Мектепте оқушының телефонын алып қою заңды ма?

Мектепте оқушының телефонын алып қою заңды ма?

Асқар Таудай
Фото: Ашық дереккөзден

Қазіргі таңда ұялы телефон оқушылардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда сабақ үстінде телефонға алаңдау оқу процесіне кері әсерін тигізетіні белгілі. Осыған байланысты көпшілікті толғандыратын сұрақтардың бірі – мұғалімнің оқушының телефонын алып қоюға құқығы бар ма?

Заңнамаға сәйкес, сабақ кезінде телефон пайдалануға белгілі бір шектеулер қойылғанымен, оны тәркілеу мен уақытша сақтау – екі бөлек құқықтық ұғым.

Сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салынған

«Білім туралы» заңның 47-бабының 10-1-тармағына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында оқу процесі кезінде ұялы телефонды пайдалануға жол берілмейді. Тек мұғалімнің тапсырмасы бойынша білім беру мақсатында қолданылатын жағдайлар ғана ерекшелік болып саналады.

Мысалы, оқушылар QR-код арқылы тапсырма орындағанда, онлайн тест тапсырғанда немесе арнайы білім беру платформаларын пайдаланғанда телефон қолдануға рұқсат етіледі.

Ал әлеуметтік желі қарау, ойын ойнау, хат жазу, қоңырауға жауап беру, рұқсатсыз бейнежазба түсіру немесе сабаққа қатысы жоқ ақпарат іздеу заң талаптарына қайшы келеді.

Телефонды мектепке алып келуге рұқсат па?

Қолданыстағы заңнама оқушының мектепке телефон алып келуіне тыйым салмайды. Шектеу құрылғыны мектепке әкелуге емес, оны оқу процесі кезінде пайдалануға қатысты.

Сонымен қатар әрбір білім беру ұйымы өзінің ішкі тәртіп ережесінде телефонды пайдалану тәртібін белгілей алады. Онда телефонның қашан өшірілетіні, қайда сақталатыны, үзілісте қолдануға болатыны немесе болмайтыны, сондай-ақ тәртіп бұзылған жағдайда кімге тапсырылатыны нақты көрсетіледі.

2024 жылғы Оқу-ағарту министрінің №227 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидаларға сәйкес, мектептің ішкі тәртіп құжаттарында оқу процесіне қатысы жоқ мобильді құрылғыларды пайдалану тәртібі міндетті түрде айқындалуы тиіс.

Мұғалім телефонды алып қоя ала ма?

Қазақстан заңнамасында мұғалімнің оқушы телефонын тәркілеуге құқығы бар деген нақты норма жоқ.

Дегенмен мектептің ішкі тәртіп ережесінде сабақ кезінде телефонды мұғалімге немесе арнайы орынға уақытша тапсыру тәртібі бекітілген болса, мұндай талап заңды болып есептеледі.

Мысалы, телефонды:

Бұл жағдайда әңгіме телефонды тәркілеу емес, оқу тәртібін қамтамасыз ету мақсатындағы уақытша сақтау туралы болып отыр.

Телефон қанша уақыт ұсталады?

Заңда мұғалімнің телефонды нақты қанша уақыт ұстай алатыны көрсетілмеген.

Сондықтан қайтару тәртібі мектептің ішкі құжаттарында жазылуы қажет. Көп жағдайда телефон:

Ал құрылғыны бірнеше күн немесе апта бойы ұстап қалуға заңда нақты негіз қарастырылмаған.

Қазақстан Конституциясы азаматтардың жеке меншік құқығын қорғайды. Сондықтан мектеп телефонды негізсіз ұзақ уақыт қайтармай қоюға немесе оны иеленуге құқылы емес.

Ата-анасы келгенше ұстай ала ма?

Егер мектептің ішкі тәртіп ережесінде қайталанған тәртіп бұзушылық кезінде телефон тек ата-анасына немесе заңды өкіліне қайтарылатыны алдын ала бекітілген болса, мұндай тәртіп қолданылуы мүмкін.

Дегенмен ата-аналар мектептен:

Сондықтан мұндай талап тек ауызша шешімге емес, ресми бекітілген ішкі қағидаға негізделуі тиіс.

Мұғалім телефонды күшпен тартып ала ала ма?

Мұғалім оқушыдан телефонды өшіруді немесе уақытша тапсыруды талап ете алады. Алайда құрылғыны күшпен жұлып алу, оқушымен тартысу немесе телефонның бүлінуіне себеп болатын әрекеттер жасау дұрыс емес.

Егер оқушы тәртіп талабын орындамаса, мектеп әкімшілігі немесе сынып жетекшісі араласып, ата-ананы хабардар ету тәртібі қолданылуы керек.

Телефондағы жеке мәліметтерді тексеруге бола ма?

Телефон уақытша алынғанымен, мұғалімнің оның ішіндегі ақпаратты қарауға құқығы жоқ.

Яғни мұғалім:

Қазақстан Конституциясы азаматтардың жеке өміріне қол сұқпауды, жеке деректердің қорғалуын және хат алмасу құпиясын қамтамасыз етеді.

Сондықтан телефонды уақытша сақтау оның ішіндегі ақпаратты тексеруге автоматты түрде құқық бермейді.

Егер буллинг, бопсалау немесе заңсыз әрекеттерге қатысты күдік туындаса, мектеп ата-ананы және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын хабардар етуге тиіс. Ал мұғалімнің өз бетінше оқушының телефонын «тексеруіне» заңмен рұқсат берілмейді.

Сабақ кезінде телефон пайдалануға заңмен шектеу қойылғанымен, мұғалімнің оны өз қалауынша тәркілеуге немесе ұзақ уақыт ұстап тұруға құқығы жоқ. Телефонды уақытша сақтау тәртібі міндетті түрде мектептің ішкі ережесінде көрсетілуі тиіс. Ал оқушының жеке хаттары, фотосуреттері мен басқа да деректерінің құпиялығы Қазақстан заңнамасымен қорғалады. Сондықтан оқу тәртібін сақтау мен оқушының конституциялық құқықтарының ара-жігі әрдайым сақталуы қажет.

Оқи отырыңыз

{