Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыТүрікменстанның батысында оқушы қыздардың пәктікті анықтайтын тексерістен өтуге мәжбүрлеп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шара моральдық ұстанымдарын бағалау және жасөспірімдер жүктілігіне жол бермеу үшін жасаланып жатқан көрінеді.
Гинекологтар бұл тексеріске билік мектеп оқушыларының немесе олардың ата-анасының келісімін сұрамаған.
Түркіменбашы, Балқанабад қалаларында 9-11 сынып оқушыларын гинекологтың тексеруінен өтуге мәжбүрлеп жатыр. Тексеріс кезінде жыныстық қатынасқа түскені анықталған қыздардың тізімі жергілікті полиция басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жіберіледі, — дейді анонимді түрде сұхбат берген білім қызметкері.
Білім саласындағы басқа қызметкерлердің айтуынша, полиция тізімге ілінген қыздардың телефонын тексеріп, олардың кіммен жыныстық қатынасқа түскенін анықтауға тырысады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл шара кәмелетке толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түскен адамдарды жауапқа тарту үшін ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Әйел құқығын қорғаушылар мұндай тексерістер ақылға сыймайтынын, жас қыздардың пәктігін растау олардың ар-намысын қорлайтын шара екенін айтады. Құқық қорғаушылар бұл тәжірибеден бас тартуға шақырады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді