6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгінде білім беру саласында интерактивті ойындар мен оқу қосымшалары кеңінен танымал болғанымен, мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға үйретудің ең тиімді жолы – қарапайым әрекеттер арқылы оқыту, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл қорытындыны Мичиган мемлекеттік университетінің зерттеушілері жасады. Зерттеу Journal of Research in Reading (JRR) журналында жарияланды.
Ғалымдар 3 пен 6 жас аралығындағы мыңнан астам балаға жүргізілген бақылау нәтижелерін саралап шықты. Олардың қатарында 200-ден астам сөйлеу және тіл дамуында қиындықтары бар балалар болды. Зерттеуде үш түрлі оқыту әдісі қарастырылды:
Нәтижесінде, тікелей әрекетке негізделген сабақтар барлық балалар үшін ең жоғары нәтиже бергені анықталды. Керісінше, ойындарға көбірек уақыт бөлген балалар әріптер мен дыбыстарды тану, фонологиялық қабылдау бойынша тесттерде нашар нәтиже көрсетті. Бірлесіп оқу тек тілдік бұзылыстары жоқ балаларға ғана оң әсерін берген.
Біздің зерттеуіміз білім мазмұны мен оқыту формасының маңыздылығын көрсетеді. Баланың баспа мәтінімен тікелей жұмыс істеуі мен ата-ананың қатысуы – ең тиімді тәсіл. Ойындар мен цифрлық құралдар ересектердің орнын алмастыра алмайды, - дейді зерттеу жетекшісі Лори Скиббе.
Ғалымдар ата-аналарға баланың оқу дағдыларын дамыту үшін қымбат қосымшалар мен құрылғылардың қажет емес екенін ескертеді. Оның орнына, күнделікті өмірде қарапайым тапсырмалар арқылы қолдау көрсеткен жөн:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі