Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖаңа оқу жылы қарсаңында мамандар ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы тиіс:
1–3 сынып — 2 кг-ға дейін
4–5 сынып — 2,5 кг-ға дейін
6–7 сынып — 3,5 кг-ға дейін
8–11 сынып — 4,5 кг-ға дейін
Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-нан аспауы керек.
Сөмке таңдауда назар аударатын негізгі талаптар:
кең әрі жұмсақ төсемі бар белдіктер;
ортопедиялық арқалық;
жеңіл, су өткізбейтін материал;
міндетті түрде жарық шағылыстырғыш элементтер.
Ата-аналарға ұсыныстар:
сөмкені күн сайын тексеріп, артық заттарды алып тастаңыз;
балаңызды сөмкені екі иыққа тағып жүруге үйретіңіз;
егер салмақ шамадан тыс ауыр болса, мұғаліммен келісіп, кейбір кітаптарды мектепте қалдыруға мүмкіндік жасаңыз.
Баланың болашақтағы денсаулығы мен дұрыс дене бітімі ата-ананың бүгінгі таңдаған сөмкесіне тікелей байланысты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады