20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісТүркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, Абай атындағы білім ордасы мен Б.Садықов және М.Ломоносов атындағы мектептерін осыдан 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер 13 млн теңгеге жуық қаражат жинап, соның 9 млн теңгесіне аудан орталығынан үй сатып алған. Кейін баспананы толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жабдықтап беріп отыр.
Түлектер үйдің ауласында 300 адамға ас беріп, Қаратаевтар отбасына үйдің кілтін табыстады. Жас отбасының отағасы 1-топ мүгедектігі бар азамат. Осы кезге дейін отбасымен жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Шара соңында дәстүр бойынша 2005 жылғы мектеп түлектері эстафетаны 2006 жылғы түлектерге табыстады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, дәл осындай игі шара аудан орталығынан бөлек, Түлкібас кентінде де жалғасын таппақ. Ол жерде де мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер 2 мұқтаж отбасыға баспана сыйлағалы отыр. Игі дәстүрге арналған бұл бастама 8 жылдан бері жалғасын тауып келеді.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?