Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіТүркістан облысы Созақ ауданындағы «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері ауылға жаңа саябақ салып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түлектер туған жерге тағзым ретінде игі іске ұйытқы болып, ел игілігіне ерекше тарту жасады. Олар ауылдың орталық алаңынан бастау алатын серуен жолы мен жайлы демалыс орны – “Арбатты” салып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады.
Демалыс орнының ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғарев пен аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, түлектерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар шараға қатысқан ауыл ақсақалдары мен тұрғындары түлектерге жүрекжарды тілектерін айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, туған ауылына жанашырлықпен қараған түлектердің бастамасына дән риза болды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік