2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысында мектеп түлегі "Үздік сарбаз" сайысында үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай халықаралық Айбын әскери патриоттық жастар жиынына 6 мемлекеттен 700-ден аса жас сарбаз қатысты. Облыстың мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып «Үздік сарбаз» атанып отыр.
Олжас – Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының «Абай Қырандары» командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Түсіповтың жетекшілігімен «Жас Қыранға» қабылданды.
Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: «SMART SARBAZ» - І орын, «Айбын дарыны» - І орын, Ак-74 қаруын жартылай бұзып-жинақтаудан - І орын, ОЗК киюден - І орын, кермеге тартылудан - ІІ орынға ие болған.
Олжас Самархан - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің толық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс