2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАягөз ауданының 10-сынып оқушысы Жақсылық Секенов жасанды интеллект көмегімен Марс планетасының климатын болжауға арналған бағдарлама жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ғылыми жобасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, ғарыштық зерттеулер саласындағы жаңа қадамға айналып отыр.
Бағдарлама Kaggle платформасындағы ашық ауа-райы мәліметтерін, оның ішінде NASA-ның ғарыштық құралдарынан алынған деректерді қолданады. Машиналық оқыту әдістерінің көмегімен жүйе температурасының өзгеруін анықтап, Марстағы уақыт, орналасқан жер және маусымдарға қарай температураның қалай өзгеретінін болжайды. Жақсылық үш түрлі модельді сынап көрді: сызықтық регрессия, Random Forest және Gradient Boosting. Соңында оның таңдауы ең дәл нәтиже берген Gradient Boosting моделіне түсіпті.
Мен өзге планеталардағы климат қалай жұмыс істейтінін түсінгім келді. Марс ерекше қызықтырды, себебі онда атмосфера жоқтың қасы, ал температура күрт өзгереді. Осындай жағдайларды жасанды интеллект арқылы есептеуге бола ма деген ой мазалады, – дейді Жақсылық Секенов.
Мектепте Жақсылық ынталы, ізденімпаз оқушылардың бірі, ол көп оқиды және тек мектеп бағдарламасымен ғана шектеліп қалмайды. Жақсылық болашағын ғарыштық технологиялар саласымен байланыстырғысы келеді. Ол өзге планеталарды зерттеуге және болашақ ғарыштық миссияларға дайындалуға көмектесетін интеллектуалды жүйелер жасауды армандайды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова