30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОқушының мектеп формасын киюі – міндетті талап. Алайда баланың сыртқы келбетіне қатысты ережелер оны кемсітуге немесе қатарластарынан алалауға әкелмеуі керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.
Министрдің сөзінше, әр білім беру ұйымының оқушылардың киімі мен сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды айқындайтын ішкі тәртіп ережесі бар. Дегенмен белгіленген талаптар ең алдымен оқу процесіне қолайлы жағдай жасауға бағытталуы қажет.
Балалардың сыртқы келбеті оқу процесіне кедергі келтірмеуі керек. Сонымен қатар оларды кемсітуге, дискриминацияға жол берілмеуі қажет. Барлығына ортақ мектеп формасы және ұқыптылық пен әдептілікті көрсететін сыртқы келбет болғаны жөн, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Мектеп формасына қандай талап қойылады?
Мектеп формасы классикалық үлгіде және бірыңғай түсте болуы керек. Үш түстен артық араластыруға рұқсат етілмейді. Форма күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оның үлгісі оқушының жасына, өңірдің ауа райына және мектептегі температураға сай таңдалады. Ал қауіп төндіретін үшкір бөлшектері бар киім мен аксессуарларды тағуға болмайды.
Мектеп әкімшілігі форманың нақты үлгісі мен түсін ата-аналардың қатысуымен анықтайды. Білім беру ұйымының басшысы келесі оқу жылына арналған мектеп формасын жыл сайын 25 мамырға дейін бекітуі керек.
Бұл ретте мектеп ата-аналарды белгілі бір дүкеннен немесе өндірушіден форма сатып алуға міндеттей алмайды. Ата-аналар мен баланың заңды өкілдері талапқа сәйкес келетін киімді өздері таңдаған сауда орнынан сатып алуға құқылы. Сондай-ақ олар мектеп формасына қатысты мәселелерді талқылауға қатысып, оны жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізе алады.
Бұған дейін министр «ұстаздарды мазаламаңыздар» деп ата-аналарға үндеу жасаған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды