30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда орта білім беру ұйымдарындағы мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді.
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға форманың үлгісін кім бекітетінін, оны қай жерден сатып алуға болатынын және әлеуметтік осал отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Мектеп формасы ұлдар мен қыздарға арналған күнделікті, мерекелік және спорттық киім түрлеріне бөлінеді. Оны таңдау кезінде оқушының жас ерекшелігі, өңірдің климаттық жағдайы, сабақ өтетін орын, мектеп ғимаратындағы температура мен қауіпсіздік талаптары ескерілуі тиіс.
Министрліктің мәліметінше, мектеп формасының үлгісін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Таңдалған үлгі жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Формаға өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда да осы кеңестермен келісім жасалады.
Ата-аналар мектеп формасын өздері қалаған сауда орнынан сатып алып, өндірушіні де еркін таңдай алады. Білім беру ұйымдарына белгілі бір өндірушіні немесе сатушыны ұсынуға, соған басымдық беруге рұқсат етілмейді.
Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 2026/2027 оқу жылы қарсаңында мұндай көмекпен шамамен 450 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Мектеп формасын таңдағанда қауіпсіздік талаптарына да мән берілуі қажет. Киімде балаға жарақат келтіруі мүмкін қауіпті фурнитуралар мен аксессуарлар болмауы тиіс.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жарғысында белгіленген ережелерге сәйкес, оқушылардың мектеп ғимаратында бас киіммен жүруіне жол берілмейді.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатқа ие екенін де атап өтті. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар оны киюде бірыңғай тәртіп қалыптастыруға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және білім беру ұйымдарының белгіленген нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Білім туралы» заңға сәйкес, ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында белгіленген ішкі тәртіп ережелерін және міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Бұған дейін 2026 жылғы грант иегерлері анықталған туралы жазғанбыз. Толық тізіммен мына сілтеме арқылы таныс боласыздар.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды