Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБүгінгі Үкімет отырысының брифингінде БАҚ өкілі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа ата-аналардан мектеп іс-шараларына, әсіресе бітіру кештеріне, ірі көлемде ақша жиналатыны туралы шағым түскенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сізге жақында Алматыдағы бір оқушының әкесі мектеп бітіруі үшін 200 мың теңгеге дейін ақша жиналып жатқанын айтты. Бұл жалпыға ортақ ереже ме? Мұндай жағдайлар басқа мерекелерде де қайталанып тұрады. Осыны реттеу керек деп ойламайсыз ба? – деп сұрады журналист.
Министр бұл мәселе заңнамалық деңгейде реттелгенін атап өтті. Оның айтуынша, тиісті бұйрықтарда ешқандай қаржы жинауға рұқсат берілмеген.
Мен бұл мәселе жөнінде әкіммен де, білім басқармасы басшылығымен де сөйлестім. Қазір бұл жағдай қатаң бақылауға алынған. Мұндай жиналымдардың көбі ата-аналардың бастамасымен жүргізіледі. Сондықтан кінәні тек мектеп басшылығына артып қою дұрыс емес. Ата-аналар да мұндай әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Мектептерге де жыл сайын ескерту жасалып келеді: қандай да бір іс-шараға, мейлі ол Наурыз мерекесі болсын, бітіру кеші болсын, ақша жинауға жол берілмеуі тиіс, – деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша, кейбір аймақтарда әлі де осындай жағдайлар кездесіп жатыр. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін екі тарап мектеп те, ата-ана да жауапкершілікпен қарауы қажет. Сонымен қатар, министр бұл мәселені заңмен нақтылап, толық шектеу қоюға болатынын да айтты.
Егер қолданыстағы бұйрықтардың күші жеткіліксіз болса, біз бұл мәселені депутаттармен бірге қарап, заңнамалық тұрғыдан реттеуге дайынбыз, – деп түйіндеді министр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова