Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерті қарсаңында әншінің жанкүйерлері ерекше жоба ұйымдастырды.
2026 жылғы 23 қазаннан бастап Мехико көшелерінде отандық орындаушының алдағы концерттеріне арналған арнайы автобус қатынай бастады. Бұл туралы DimashNews басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет басылымы хабарлады.
28 қазанда әншінің командасы арнайы автобустың қала көшелерінде 21 қарашаға дейін жүретінін мәлімдеді. Оның бағыты Мехиконың танымал әрі адам көп шоғырланатын орындарын қамтиды. Олардың қатарында әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі, Ұлттық аудиториум маңы, сондай-ақ Глориета-де-Петролеос пен Чапультепек аудандары бар.
Жобаны ұйымдастырушылар автобустың қаладағы ең қарбалас көлік бағыттарында жүруіне мән берген. Осылайша, ол бір айға жуық уақыт бойы Мехико тұрғындары мен қонақтарының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналмақ.
Мексикалық жанкүйерлер Димашты асыға күтіп жүр
Мехиколық Dears әншінің Мексикада бес концерт беретінін қуана қабылдап, әлеуметтік желіде оған алғысын білдірді. Қазақстандықтар да мексикалық жанкүйерлерге отандасымызға көрсеткен құрметі мен ықыласы үшін ризашылығын жеткізді.
Желі қолданушыларының пікірлерінен үзінділер:
«Жарайсыңдар!»
«Мексикада өтетін осы бес керемет концерт үшін рақмет, Димаш!»
«Браво! DIMENSIONS әлемдік туры аясында Димаштың жеке концерттеріне осындай тамаша жарнама науқаны ұйымдастырылған!»
«Керемет! Димаштың мексикалық жанкүйерлеріне зор алғыс! Біз, қазақстандықтар, олардың отандасымызды шын жүректен құрметтеп, кездесуді ерекше ықыласпен күтіп жүргенін жоғары бағалаймыз».
«Бүкіл Мексика Димаш Құдайбергеннің келетінін білсін! Бес концерттің әрқайсысы көрермен үшін ерекше болмақ. Сүйікті Мексикамызға қош келдің, Димаш!»
«Біздің бастамамызды қолдап, өзгелермен бөліскендеріңіз үшін көп рақмет! Мексикадағы концерттердің аншлагпен өтуін және Димаштың елге келетінін барша жұрттың білгенін қалаймыз. Біз оны шын жүрегімізбен жақсы көреміз! Онымен және оның командасымен кездесуді асыға күтіп жүрміз!»
DIMENSIONS әлемдік туры жалғасып жатыр
Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS атты жаңа әлемдік туры 18 қазанда Польшаның Краков қаласында басталды. Әнші Tauron Arena сахнасында өнер көрсетіп, турдың алғашқы концертін өткізді.
20 қазанда әнші әлеуметтік желіде Краковтағы концерттен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.
Рақмет, Краков! Рақмет, Польша! Сіздердің арқаларыңызда DIMENSIONS әлемдік туры керемет басталды! Қолдауларыңызға, энергияыңызға және сол кеште сыйлаған ерекше атмосфераңызға рақмет! – деп жазды Димаш Құдайберген.
Ал 24 қазанда ол Германияның Дюссельдорф қаласындағы тыңдармандарымен жүздесті. Енді 30 қазанда әнші Испания астанасы Мадридте концерт береді.
Мексикада Димаш бес концерт өткізеді. Кестеге сәйкес, алғашқы концерт 11 қарашада Меридада, одан кейін 14 қарашада Монтеррейде, 17 қарашада Гвадалахарада өтеді. Ал 19 және 20 қараша күндері әнші Мехикода өнер көрсетеді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек