6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМеккеге қажылыққа аттанған 577 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болғандардың 323-і Мысырдан, ал 60 адам Иорданиядан екені анықталды.
AFP мәліметінше, бұған аптап ыстық пен адам санының көптігі себеп болған.
Мысырлықтардың барлығы аптап ыстықтан көз жұмды. Тек біреуі жарақат алып қайтыс болды, - делінген мәліметте.
Ресми дерек Меккедегі Әл-Муайсем ауданындағы мәйітханадан алынған.
Елдің ұлттық метеорологиялық орталығы дүйсенбі күні Меккеде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткенін мәлімдеді.
Сауд Арабиясы билігі биыл қажылыққа 1,8 миллион адам келсе, соның 1,6 миллионы өзге елдерден екенін алға тартты.
Ал былтыр қажылыққа келген 240 адам көз жұмса, 2015 жылы бұл сан 2 мыңнан асқан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі