23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Меккеде қажылыққа барған 14 Иордания азаматы аптап ыстыққа шыдамай, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде иорданиялық 14 қажы қайтыс болды, тағы 17 қажы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.
Сәрсенбіде аяқталатын қажылық - әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады.
Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік