Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМеккеге барар жолда автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты, тағы 29 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Saudigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Автобус көпірге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілді.
Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жетіп, құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
#SaudiArabia: At least 20 Umrah pilgrims killed, 29 injured in horrific bus crash in Asir
— Dr. Priya (@DrPriya44) March 28, 2023
The victims were on their way to #Mecca to perform #Umrah when the accident occurred pic.twitter.com/Qx01O3lVPG
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?