22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПродюсер, әнші Қыдырәлі Болманов қажылық сапардан келген соң Шымкенттегі тойлардың бірінде өзіне қатысты айтылған қауесетке қатысты нүкте қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттитып: «тойда мас болғандары ұят болды», – деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6 камера басынан аяғына дейін түсірген, той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастарқан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куә жеткілікті, Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарқанда арақ-шарап болмағанына куә!, – деді ол.
Қыдырәлі Болманов қажылық сапардан келген соң осындай жала жабылғанына аң-таң болып отыр.
Маған не айтсаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бар жаманды маған айтыңыздар, өтініш! Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға күмән салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман?! Күнә жинағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25 жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз, сансыз мадақтар болсын! 25 жылда бірде-бір тойда ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес!
Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ ішеді ме? Оның үстіне, қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым!, – деп ағынан жарылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев