Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы соңғы өңір – Жамбыл облысына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы екі аптада мамандар 8 станция тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады. Теміржол үстіндегі емхана мамандары шалғай елді-мекендерді аралаған сегіз айдың ішінде 100-ден астам станцияның тұрғындарын қабылдады. Оның ішінде 76 мыңнан астам тұрғын, 16 мыңнан астам бала тексерілді.
9 000 тұрғынға шағын хирургиялық оталар жасалды. 150 мың адамға арнайы мамандар кеңес берді. Биыл дәрігерлер құрамына азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін мамандар қосылды.
Жамбыл облысында медпойыз Тамды (20-21.11), Хантау (22-23.11), Шығанақ (23.11), Мыңарал (25-27.11), Қаражыңғыл (28-29.11), Еспе (30.11 - 01.12), Шоқпар (01-03.12) және Бел (03-05.12) бекеттерінде көрсетілген мерзімде тоқтап, тұрғындарды қабылдайтын болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады