23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық деректерін EGOV mobile қосымшасы арқылы көре алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министру Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Достар! Жағымды жаңалық! Енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық деректерін EGOV mobile қосымшасы арқылы көре алады. Яғни, барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады. Дәрі-дәрмектерді тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емделу туралы мәліметтер және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балалар туралы ақпарат eDensaulyq бөлімінде қолжетімді болады»,- деп жазды министр.
Оның айтуынша, мұның бәрі бірыңғай медициналық сервисті құру бағытындағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесі.
«eDensaulyq бөлімі Қазақстан азаматтарының медициналық деректерімен толыға береді. Цифрландыру жүрген жерде ашықтық принципі қашанда бірінші орында. Біз осы қосымшаны енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кедергілерді жоюға ниеттіміз. Бұдан бөлек, пайдаланушы қосымшада көрсетілген ақпаратпен келіспесе, онда сіз call (1406) орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы өтінішін білдіре алады. Осылайша, тиісті мәселелер назарға алынып, олқылықтар жойылатын болады»,-деді Бағдат Мусин.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік