13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМедиация кабинеттерін медициналық мекемелерде құру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Мұндай кабинеттер медицина саласындағы даулар мен жанжалдарды шешу мақсатында ашылып отыр. Көп жағдайларда науқастар мен медицина қызметкерлері арасында даулар пайда бола қалған жағдайда сәйкесінше шағымдар пайда болып отырады. Сонымен қатар дәрігерлердің өзара шиеленістері де жиі кездесіп тұрады. Медиация кабинеттерінің жұмысы дәл осындай мәселелердің алдын алуға бағытталған. Медиация жұмысының мақсаты медициналық мекемелерде дау-дамайларды сотқа дейін шешу. Бұдан былай медициналық қызметкерлерге қатысты шағымдары бар науқастар медиаторға дереу хабарласуына мүмкіндіктері бар.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында жасалған меморандумды іске асыру мақсатында Орал қаласының №1 емханасында медиация кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Дәрігерлік клиниканың науқасты қолдау қызметінің дәрігер-сарапшысы Гүлнар Кабдрахимова емхананың медиаторы болып бекітілді.
№1 емхананың директоры Светлана Ермекқалиева емхананы медиаторларларға таныстырды. №1 емхананың медициналық қызметкерлері мен науқастарына медиацияның тәртіп кезеңдері таныстырылды. Даярлықтың алдын алу және сотқа дейінгі реттеу үшін қаланың басқа медициналық мекемелерінде медиация кабинеттерін ашу бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды