22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСалтанатты жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламент депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері және еліміздің медицина қоғамдастығының өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Сөз соңында Бердібек Сапарбаев мырза Гүлсім Қалибекқызы мен Назыгүл Жарасқызына ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың арнайы жүлдесін тапсырды.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
Салтанатты жиында 12 аталым бойынша «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Олар:
«Үздік дәрігер» - Бақытбек Текіменов, Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологы;
«Үздік ауыл дәрігері» - Қарлығаш Асқарова, БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханысының жалпы тәжірибе дәрігері;
«Үздік менеджер – денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» - Әнуар Аманов, Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері;
«Үздік мейіргер» - Оскана Ткаленко, Қостанай қалалық балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терпия бөлімінің мейіргері;
«Үздік фельдшер» - Қанат Құрманов, Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің фельдшері;
«Үздік денсаулық сақтау саласының тәуелсіз сарапшысы» - Асқар Рашитов, Ақмола облыстық ауруханасының операциялық блогының меңгерушісі;
«Үздік ЖОО оқытушысы» - Людмила Пивина, Семей қаласының Медициналық мемлекеттік университетінің ішкі аурулар кафедрасының доценті;
«Үздік колледж оқытушысы» - Светлана Сахишева, Республикалық медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау колледжінің ғылыми-әдістемелік орталығының оқытушысы;
«Үздік түлек» - Анастасия Роговая, Астана медицина университетінің түлегі;
«Үздік ғалым» - Ілияс Әзизов, Қарағанды медициналық университетінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
«Үздік санитар» - Лаура Насырова;
«Үздік провизор» - Евгений Больгер, «Жаңамед-ПВ» фармацевтикалық компаниясының директоры;
«Мейірім» аталымында КСРО және Қазақ КСР құрметті доноры, қан донациясы саны жағынан әлемде 2 орынды алатын Александр Скаковский жеңімпаз болып танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Парламент депутаттары және көрнекті қоғам қайраткерлері табыстады.
«Бұл мен үшін үлкен жетістік. Осы ретте, өзімнің әріптестеріме үлкен алғыс айтқым келеді. Өйткені, олардың берген білімі, айтқан ақыл-кеңестері маған көп көмектесті Онсыз бұндай мейрамға мен қатыса алмас едім деп ойлаймын. Екіншіден, біздің еңбегіміздің жоғары бағалап жатқан Денсаулық сақтау министрлігіне көп-көп рахмет. Бұл сый-құрмет біздерді жаңа жетістіктерге жетелейді», - дейді 13 жыл жұмыс өтілі бар балалар травматологы Бақытбек Текіманов.
Денсаулық сақтау жүйесіне елеулі үлес қосқан еліміздің медициналық қызметкерлері ҚР Үкіметінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Материалды әзірлеген: Қаламқас НҰРМАҚОВА
Суреттер авторы: Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев