30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова елімізде медицина қызметкерлеріне бірқатар басымдық берілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлеммен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы белгіленді. Сондай-ақ «Мамандық бойынша үздік» республикалық байқауы өткізіледі. Оның жеңімпазына 500 АЕК көлеміндегі төлем табысталады.
Ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне бір мезетте 100 ең төменгі жалақы төлеу жоспарланып отыр. 2024 жылы бұл сома 8,5 миллион теңгені құрайды. Ең төменгі жалақының өсуімен төлем мөлшері де өседі. Бұл ережені депутаттар өңірлерге барған сапарында енгізді. Өңірлерге сапар барысында тұрғындар медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерген болатын. Осылайша ауылдардағы медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін жүйелі шешу қарастырылып отыр, - деді мәжілісмен.
Ол медицина қызметкерлерінің балалары балабақшаға қабылдауда басымдыққа ие болатынын атап өтті.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерінің салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі анықталған медицина қызметкерлерінің балаларын жоғары оқу орындарына конкурссыз қабылдау ұсынылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды