Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл құжатты денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейту туралы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес депутаттар әзірлеген.
Заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске медицина мамандарына немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызмет міндетін орындау кезінде күш көрсеткені, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жаңа бап енгізіледі.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Сонымен қатар жоба аясында Қылмыстық-процестік кодексте ішкі істер органдарының осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу құзыреті белгіленеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады