Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада медициналық орталықтың қызметшісі наркозға арналған дәрілік заттарды ұрлаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның сол жақ жағалаудағы медициналық орталықта жұмыс істейтіні белгілі болды. Мекеме қызметшілері жоқ сәтті пайдаланған қаскүнем дәрі-дәрмек сақталатын қоймаға еш кедергісіз кіріп, 10 литр наркозға арналған дәрілік затты алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 38 мың теңгеден асты. Ұрланған препаратты бірден арзанға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар