29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары25 қыркүйек күні Қарағандыдағы Достық үйінде «Медиация: өзекті мәселелер және даму перспективалары» тақырыбында «Қазақстан-2050» облыстық демократиялық күштер коалициясының өңірлік отырысы өтті.
Алқалы басқосуға коалиция мүшелігіндегі партиялардың жетекшілері мен белсенділері және де кәсіби медиаторлар қатысты. Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, еліміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, барлық әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүддесін білдіретін өкілдері болып табылады. Аталаған басқосуда медиация институтының жұмысы мен оны дамыту мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Оның маңыздылығы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысының маңызды бағдары — қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық және медиация жұмыстарын күшейтуі қажет, — деп тапсырма берген болатын. Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болу тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Сондықтан елдегі медиация институтының дамуына барынша қолдау көрсетіліп, медиацияның кеңінен қанат жаюына ықпал ету қажет, — деді. Өйткені медиацияның біздің елімізде болашағы өте зор.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек