Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау, дау-дамайларды шешудегі медиация институтының ерекшелігін насихаттау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 16 мамырда Достық үйінде қоғамдық медиаторлардың шеберліктерін шыңдауға арналған: «Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты» атты оқыту курстары өтті. Іс-шараға облыстың қала және аудандардың қоғамдық медиаторлары қатысты.
Оқыту курстары: «Қазақстан Республикасында медиация институтын жетілдіру», «Әлеуметтік және еңбек қатынастарындағы медиация», «Медиация – қоғамның қалыптасуының тиімді институты», тақырыптарына арналды. Сонымен қатар, оқыту барысында медиация бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Модераторлар ретінде оқыту курстарын: Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы, кәсіби медиатор Айнұр Оспан, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің азаматтық және еңбек құқықтары кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, медиация бойынша тренер Мира Жасқайрат, Қазақстан Республикасының «Қызыл ай» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының директоры, кәсіби медиатор Татьяна Абрамова, «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің президенті, кәсіби медиатор Олег Мажура жүргізіп отырды.
Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етті.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік