Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыдағы Медеу шатқалында болған тікұшақ ұшу сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Желіде жарияланған видеодан «Қазавиақұтқару» АҚ-ына тиесілі тікұшақтың әуеге көтерілгені, алайда оны басқару барысында тұрақсыздық байқалғаны көрінеді.
Куәгерлер оқиға болған сәтте алаңда адамдар жүргенін, ал тікұшақтың күрделі жағдайда ұшуы олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.
Осыған байланысты «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді. Онда аталған ұшу:
Алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы түрде жүргізілген. Әуе кемесін ұшу тәжірибесі мол, біліктілігі расталған ұшқыш басқарған. Ұшуға дейін бортмеханик азаматтарды қауіпсіз қашықтықты сақтауға арнайы ескерткен, — делінген хабарламада.
Компания өкілдері тікұшақтың тұрақсыз ұшуына климаттық жағдай, нақтырақ айтқанда, жел бағыты мен жылдамдығының күрт өзгеруі себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар, оқиғаның нақты себептері ішкі қызметтік тексеріс аясында анықталатыны хабарланды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі