Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМедеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушінің мұрагерлеріне 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Сонымен қатар жерлеуге жұмсалған шығынға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді. Жерлеу бойынша барлық шығындарды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды, - делінген мәліметте.
Бұдан бөлек Төтенше жағдайлар министрлігі Президент әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізген.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы әкімдігінің атына өрт сөндірушінің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданған.
Естеріңізде болса, 8 мамыр күні Алматы қаласында Медеуде тұтанған отпен күрес кезінде өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков жанып жатқан ағаш діңгегінің құлауы салдарынан көз жұмған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары