6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Медеу табиғи саябағы аумағындағы жер телімдері мемлекет меншігінен шығарылып, жеке тұлғалардың пайдалануына берілгені анықталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың Сенат депутаттарына берілген жауабында айтылған, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
«Медеу» табиғи паркі аумағындағы 45 гектар жер телімін үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару фактілері анықталды. Алматы қаласының прокуратурасы аталған заң бұзу ісі бойынша жер учаскелеріне рұқсаттарды жою туралы 10 талап-арыз берілді, - дейді Бас прокурор.
Оның айтуынша, істі Медеу аудандық соты қарап жатыр.
Сонымен қатар, прокурорлар Алматы қаласы мен облыс аумағында Бас жоспарды бұзып, жер телімдерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізудің 100-ден астам фактісін анықтады, - дейді Берік Асылов.
Түркиядағы зілзаладан соң Алматы қалалық прокуратурасы таулы аймақтарда 120 жер теліміндегі (250 гектер) заңсыз ғимараттың салынуына тосқауыл қойылды. Атап айтқанда, Қарғалы ықшамауданындағы 103 жер телімі мен Бутаковка шатөалындағы 11 жер телімі, сондай-ақ Обсерватория көшесіндегі 6 жер телімінде құрылыс тоқтатылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі