20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекГрекияда онсыз да өмір бойына бас бостандығынан айырылған әйел тағы екі қылмыс үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы 9 жасар қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Рула Писпиригу 18 наурызда тағы екі қылмыс үшін жаза арқалады. Себебі сотта медбикенің тағы екі баласын өлтіргені дәлелденді.
CBS News дерегіне сүйенсек, бұл іс бірнеше жыл бойы Грекия қоғамының назарын аударып келген.
Афина сотының мәліметінше, Рула Писпиригу 2019 және 2021 жылдары өзінің кішкентай қыздары Малена мен Ириданы тұншықтырып өлтірген. Ол осылайша күйеуінің өзін тастап кетуіне тосқауыл қоймақ болған, бірақ мақсатына жете алмаған.
36 жастағы Писпиригу өз кінәсін мойындамай, сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Үкімді бірауыздан қабылдаған үш судья мен төрт алқаби алдында ол қыздарының суретін көрсетіп:
Мен соңына дейін күресемін, қыздарымның кінәсіз екенін дәлелдеймін, жақсылап қарап алыңыздар, олар енді сіздерді өмір бойы мазалайтын болады, - деді.
Сот отырысына Писпиригудің бұрынғы күйеуі Манос Даскалакис пен туыстары қатысқан.
Әйел қыздары Малена мен Айристі өлтіргенде, олар небәрі 3,5 жаста және алты айлық болған.
Roula Pispirigou Sentenced to Double Life Imprisonment for Murdering Two Daughters https://t.co/b0wMrs1p4t pic.twitter.com/YVtMEGGibd
— Greek City Times (@greekcitytimes) March 18, 2025
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?