29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда ерекше баланы тәрбиелеп отырған аналарды 55 жастан зейнетке шығару ұсынылды. Бұл ұсыныс ерекше балаларды қолдауға арналған жаңа заң жобасы аясында қарастырылып жатыр. Бастаманы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы көтерді.
Депутаттың айтуынша, ерекше баланы тәрбиелеу – үлкен физикалық әрі психологиялық жүктеме. Сондықтан мұндай аналарға әлеуметтік қолдау күшейтілуі тиіс.
Ерекше баланы тәрбиелеген аналарды 55 жастан зейнетке шығару нормасын енгізуді ұсынып отырмыз, – деді ол .
Сонымен қатар депутат қазіргі жүйеде ата-аналардың түрлі мекемелерге барып, қажетті қызметті әр жерден алуға мәжбүр екенін атап өтті. Осыны шешу үшін әр балаға жеке қолдау жоспарын енгізу ұсынылған.
Қазір ата-аналар әр ведомствоның табалдырығын тоздырып жүр. Сондықтан барлық қызмет бір жерде көрсетілуі керек, – деді ол .
Бұдан бөлек, заң жобасында ерекше балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, арнайы орталықтардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын бейімдеу мәселелері қарастырылған. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Депутаттар құжатты пысықтау жұмыстарын жалғастыруда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек