18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бүгін VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Елдегі жаңа оқу жылының басталуына орай депутаттар да білім саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев баласын жаңа оқу жылына дайындау барысында қанша қаражат жұмсағанын айтты. Оның сөзінше, бүгінде мектепке қажетті киім-кешек бағасы ата-аналар үшін айтарлықтай салмақ түсіруде.
Балаларды мектепке дайындаумен көбіне жұбайым айналысады. Алайда бағалардың қолжетімсіз болып кеткені бәрімізге әсер етіп отыр. Мәселен, бір баланы киіндіруге шамамен 100-150 мың теңге жұмсадық. Кеше ұлыма мектеп формасын алдық: костюмді – 20 мың теңгеге, ал екі шалбарды 55-60 мың теңгеге сатып алдық, – деді депутат.
Осылайша, ол жаңа оқу жылына дайындық ата-аналар үшін оңайға соқпай отырғанын, әсіресе мектеп формасы мен киім-кешек құны айтарлықтай қымбаттап кеткенін атап өтті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр