Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, Қазақстан-Моңғолия парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Нұртай Сабильянов бастаған Мәжіліс депутаттары Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Нұртай Сабильянов Қазақстан Моңғолияның Орталық Азия өңіріндегі ерекше серіктес ел екенін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапарында жоғары деңгейдегі келіссөздер менбірқатар маңызды құжатқа қол қойғанын айтты.
Моңғолия делегациясын бастап келген Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, парламентаралық ынтымақтастық топ жетекшісінің орынбасары Хажекбер Жангабыл Қазақстан-Моңғолия достық тобының елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар депутаттар Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін Моңғолия Үкіметіне алғыс білдірді.
Жиын соңында екі елдің парламентаралық достық топтары өзара ынтымақтастықты түрлі салада нығайтуға келісті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары