28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен жергілікті өкілді органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Қошанов Мәскеу қалалық думасының делегациясымен кездесуде екі ел арасында барлық деңгейде өзара тығыз байланыс орнағанын атап өтті.
Сіздің елордаға сапарыңыз екі астананың өкілді органдары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Бұл өте маңызды, өйткені Астана мен Мәскеу депутаттары өз өңірлерінің мәселелерін жақсы біледі және екі елорда арасындағы байланыстардың мазмұнын толықтыра алады, – деді Мәжіліс спикері.
Мәжіліс төрағасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жақында жасаған мемлекеттік сапарының тарихи маңыздылығына назар аударып, Қазақстан мен Ресей басшыларының тату көршілік қатынастарды нығайтудағы ерекше рөліне жеке тоқталды.
Сапар қорытындысы бойынша жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Онда парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілген.
Бұл – екі ел парламенттерінің қарым-қатынасына берілген өте жоғары баға. Біздің парламентшілер бір-бірімен жеке де, жұмыс бойынша да тікелей байланыста болып, туындаған мәселелерді жедел шешуде. Осы жазда Мемлекеттік Думамен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның жұмысы қайта жанданды, – деді Ерлан Қошанов.
Алексей Шапошников қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Астана мәслихаты мен Мәскеу қалалық думасы арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуды ұсынды. Тараптар сондай-ақ мәдени, білім беру және экономика салалардағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?