Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және Бауыржан Момышұлы монументі маңына жиналған жұртшылық қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бауыржан Момышұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы кезінде генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Кейін полкке, дивизияға қолбасшылық етті. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бұл награда оған қайтыс болғаннан кейін 1990 жылы берілді.
Астанадағы батырға арналған ескерткіш 2008 жылы ашылды. Бұл – Бауыржан Момышұлының туған өңірі Жамбыл облысының елордаға жасаған тартуы.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары