Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс спикері Ерлан Қошанов Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзинмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы парламентаралық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлан Қошанов қытайлық әріптестеріне «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес биліктің барлық тармақтарын жаңартуға жол ашқан елдегі ауқымды реформалар туралы айтып берді. Спикер Палата жұмысының жоспарларымен бөлісіп, алты фракция мен бір мандатты депутаттардың қатысуы заңнамалық талқылаулардың сапасына оң әсер еткеніне назар аударды.
Өз кезегінде Хао Минцзин Қытай мен Қазақстанның жақын көрші ғана емес, сенімді серіктес әрі шынайы дос екеніне тоқталды.
Менің және біздің делегация мүшелерінің көпшілігі үшін бұл –Қазақстанға алғашқы сапар. Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдеріңізде қарқынды экономикалық даму және әлеуметтік тұрақтылық пен бірліктің жоғары деңгейі байқалады. Сіздердің бастамаларыңыз барлық салада жүйелі түрде алға жылжып келеді. Мұның бәрі бізге ерекше әсер қалдырды, – деді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады