23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан тағайындалған депутатты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Amanat» партиясынан Нұрсұлтан Байтілесов Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, біздің қатарымызға қосылды. Сондықтан жаңадан сайланған Парламент депутаты Қазақстан Республикасына ант береді, – деді Ерлан Қошанов.
Осылайша, Нұрсұлтан Байтілесов «Amanat» партиясынан депутат атанды.
Ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін! – деді су жаңа депутат.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан тағайындалған депутатқа сәттілік тілеп, антына адал болуға шақырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік