Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыRespublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова өңірлерге жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы бірқатар туристік нысанды аралады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сапар аясында депутат Талғар қаласындағы «Ұлы дала» демалыс аймағына барып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде туризм инфрақұрылымына қатысты өткір мәселелер көтерілді.
Кәсіпкерлер жолдардың сапасыздығына, электр жарығының, ауыз судың, газ және интернет желісінің дұрыс жұмыс істемеуіне шағымданды. Сонымен қатар жолдың жеке меншік жер телімдері арқылы өтетіндігі себепті көптеген нысанға қатынау қиындаған. Жер иелері өз аумақтарына кіруге рұқсат бермей отыр, бұл бизнес дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде.
Қонаев қаласында депутат жағажай аймағын аралап, туризм саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлермен кездесті. Мұнда да өзекті мәселе көтерілді. Әкімдік жағалау бойындағы нысандарды бірыңғай архитектуралық стильге келтіруді ұсынуда. Алайда кәсіпкерлер жобаның жүзеге асуына нақты кепілдік болмайынша, қаржы салуға дайын еместіктерін айтты.
Екі тарап бір мәмілеге келіп, 14 тамызға дейін уақыт берілді. Сол уақытқа дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысы дайын болады. Егер бизнес иелері жаңа талаптарды қабылдамаса, жер телімдері конкурс арқылы басқа инвесторларға ұсынылмақ.
Туризм – жай ғана демалыс емес. Бұл – елдің бет-бейнесі, жаңа жұмыс орындары мен инвестиция тартудың көзі, өңірлерді дамытудың драйвері. Егер біз бұл салада нақты нәтиже күтсек, ең алдымен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет, – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ішкі туризмді дамыту, заңсыз бәсекелестікті болдырмау және салалық заңнаманы жетілдіру қажеттілігі жөнінде бастама көтерген болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары