7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Amanzholov University-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовпен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға магистранттар, бакалавриаттың үздік түлектері және «Серпін» бағдарламасының білім алушылары қатысты.
Қоғам мен технологияның қарыштап дамуы жағдайында, әсіресе білім беру саласында, магистр дәрежесінің болуы уақыт талабы болып отыр. Мемлекет жоғары білікті мамандар даярлаудың стратегиялық маңыздылығын терең түсінеді, сондықтан азаматтарды магистратураға түсуге ынталандыру мен қолдаудың тиімді тетіктерін жүйелі түрде енгізіп келеді. Бұл білім беру жүйесін жаңғыртудың ішкі басымдықтарына да, озық халықаралық тәжірибелерге де толық сай келеді, – деп атап өтті депутат.
Айта кетейік, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да магистратураның 39 білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Олардың қатарында бүгінгі таңда еңбек нарығында аса сұранысқа ие жаңа бағдарламалар бар: «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық», «Білім беру саласындағы зерттеулер», «Цифрлық педагогика», «Философия және дінтану», «Ядролық физика және радиациялық материалтану», «Компьютерлік инженерия», «Экономика және басқару» және Генуя университетімен (Италия) бірлесіп әзірленген «Туристік дестинациялар менеджменті және тұрақты даму» бағдарламасы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?