6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және оның үлесін 50-ден 70 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шараны ұсынды. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аида Ғалымқызының сөзінше, сала өкілдерінің пікірін ескере отырып, министрлік кезең-кезеңімен көшуді ұсынады.
Депутаттар ұсынған жаңашылдықтар шетелдік теле-радио бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ өңірлік және балаларға арналған БАҚ-ты қолдаудың бірқатар стандарттарына да қатысты болып отыр. Қазір депутаттар ұсынған түзетулер жұмыс тобының отырыстарында талқылануда, - деді министр.
Заң жобасын әзірлеу барысында сала өкілдерінен түскен барлық ұсыныс ескеріліп, пысықталады. Министрлік заң жобасын бірлесе ашық талқылауға әрдайым дайын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі