6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің жаңа пакетін дайындайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен заң жобаларының таныстырылымы өтті. Заң жобасы жөнінде депутат Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Түзетулерде:
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін;
- Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін;
- Педофилия мен кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды.
- Азаптауға байланысты 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасазы қарастырылып отыр.
Отырысқа қатысушылар заң жобаларын жетілдіруге қатысты сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Түзетулерді пысықтау бойынша жұмыс Мәжілісте жалғасады деп күтілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі